Маңғыстауда самбодан жастар арасындағы ел чемпионаты аяқталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстауда самбодан жастар арасындағы ел чемпионаты аяқталды

Ақтау қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан 2006–2007 жылы туған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған тартысты додаға еліміздің 3 қаласы мен 17 облысынан 500-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыларды анықтады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында 50 келі салмақта Анэль Жақсыбек жеңімпаз атанса, 54 келіде Арайлым Әлімова топ жарды. Ал 72 келіде Дария Забильская үздік деп танылса, 80 келі салмақта Гүлнұр Рсынхан жеңіске жетті. +80 келіде Нұргүл Бақберген чемпион атанды.

Ұлдар арасында 64 келі салмақта Нариман Мұқан жеңімпаз болса, 71 келіде Бақдаулет Сейітқадір топ жарды. 79 келі салмақта Жансанат Кабдракимов үздік атанса, 88 келіде Ислам Мақажанов чемпион атанды.

Командалық есеп бойынша үздік шыққан өңірлер қатарында Қызылорда облысы бірінші, Маңғыстау облысы екінші, ал Жамбыл облысы үшінші орын алды.

Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар алдағы Азия және Әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1193478?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version