Маңғыстауда тергеудегі азаматқа заңсыз телефон өткізбек болған тұлға анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №77 мекемесінде жедел ақпарат негізінде жүргізілген тексеру барысында құқық бұзушылық фактісі анықталды.

Атап айтқанда, тергеудегі Ж.-ға арналған сәлем-сауқатты тексеру кезінде дымқыл майлықтың ішіне жасырылған 1 дана ұялы телефон табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша әкімшілік материалдар рәсімделіп, сотқа жолданды.

Сот қаулысымен құқық бұзушыға ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Мекеме басшылығының мәліметінше, тыйым салынған заттарды мекеме аумағына заңсыз өткізу әрекеттерінің алдын алу мақсатында бақылау-қарау шаралары тұрақты негізде жүргізілуде.

«Мұндай құқық бұзушылықтар заң талаптарын өрескел бұзу болып табылады. Азаматтарды белгіленген тәртіпті сақтауға шақырамыз. Әрбір анықталған дерек бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданады», – деп атап өтті мекеме басшылығы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1193506?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version