2026 жылғы 1 сәуір күні Ақтау қалалық «Ясин» емханасында Маңғыстау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің мен Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының 30.03.2026 жылғы №92/104 бірлескен бұйрығының негізінде «Облыстағы медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне, туберкулез ауруын ерте анықтау және алдын алу» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинарды Маңғыстау облысы санитариялық – эпидемиологиялық бақылау Департаментіның басшысының м.а Г.Куркинбаеваның кіріспе сөзімен басталды. Семинарда Маңғыстау облысы санитариялық – эпидемиологиялық бақылау Департаментінің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді бақылау бөлімінің бас маманы Ж.Белгібаев «Маңғыстау облысындағы туберкулез ауруының эпидемиологиялық жағдайы және атқарылатын іс-шаралары»; Маңғыстау облыстық фтизопульмонологиялық орталығы балалар және жасөспірімдер бөлімшесінің меңгерушісі Қ.Заркулова «Маңғыстау облысы аумағында балалар арасында туберкулездің алдын алу және ерте анықтау»; Маңғыстау облыстық фтизопульмонологиялық орталығы туберкулезді анықтау және диагностикалау үйірмелерінің жетекшісі С.Садирова «Туберкулезді ерте анықтау және диагностикалау жолдары, мониторинг кезіндегі анықталған кейбір мәселелері» бойынша баяндамалар жасалды.
Семинарға басқарма басшылары мен мамандары, эпидемиологтар, терапевтер, педиатрлар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер (ВОП), фтизиатрлар, фтизиопедиатр, ренгенолог дәрігерлері қатысты.
Семинарда медицина қызметкерлері тарапынан сұрақтар қойылып, сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1193461?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау