ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ КҮШЕЙТУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізіп келеді.

Жұмыс барысында заманауи техникалық құралдар, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беретін «Қорғау» зияткерлік жүйесі кеңінен қолданылуда. Бұл жүйе жолдардағы бақылаудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – жүргізушілерді жазалау емес, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын азайту және жолдағы жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, мұқият болуға және өзара құрмет танытуға шақырады. Себебі жолдағы қауіпсіздік – әрбір адамның ортақ жауапкершілігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1193474?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version