Павлодарда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат қайтадан мас күйінде көлік тізгініне отырған.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

– Патрульдік полиция қызметкерлері алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік жүргізетін жүргізушілерді анықтауға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Мәселен, түнгі уақытта Павлодар қаласында Камзин көшесінде «Chevrolet Cruze» маркалы автокөлік тоқтатылды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінде.

Құжаттарды тексеру барысында полицейлер жүргізушіден алкогольдің иісін сезді. Сараптама оның мас күйде болғанын көрсетті. Сондай-ақ жүргізушінің бұған дейін 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Павлодар облысының Полиция департаменті тағы да ескертеді: мұндай әрекет жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды сақтаңыз — мас күйінде көлік жүргізбеңіз. Сіздің жауапты шешіміңіз біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1193670?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version