Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 1-бағыты – тілдік ортаға негізделген тіл саясатын жүргізу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту. Осы бағыт аясында көрнекі ақпаратты дұрыс жазу, оны мемлекеттік тілде ресімдеу және түсіндіру-консультациялық жұмыстарды ұйымдастыру көзделген.
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан өңіріміздің шағын және орта бизнес нысандарындағы көрнекі ақпарат пен жарнамалардың заң талаптарына сәйкестігін қадағалау мақсатында 2026 жылдың I тоқсанында «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық!» айлығы ұйымдастырылды.
Айлық барысында облыс бойынша 2285 нысан қамтылып, 574 кемшілік анықталды. Кемшіліктердің 81,3%-ы, яғни 467-сі түзетілді. Анықталған олқылықтардың басым бөлігі қате аудармаларға, қазақ әріптердің дұрыс қолданылмауына және жарнамалардың тек ресми тілде орналастырылуына байланысты болды.
Аталған кемшіліктерді жою және алдын алу мақсатында өңірлік бөлімдерде жедел желі қызметі бар.Облыстық басқарма тарапынан
8 775 163 00 00 нөмірі бойынша жедел желі тұрақты түрде жұмыс істейді. Call-орталық мамандары кәсіпкерлерге 198 аударма бойынша әдістемелік көмек көрсетті.
«Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық!» айлығы тоқсан сайын ұйымдастырылып отырады. Басқарма мамандары көрнекі ақпарат пен жарнамалардың заң талаптарына сәйкестігін зерделеу, анықталған кемшіліктерді жою, кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсету және тегін аударма қызметін ұсыну бағытында жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.
Кәсіпкерлер 8 775 163 00 00 WhatsApp нөмірі арқылы жарнама, хабарландыру, баға көрсеткіштері, мәзір, нұсқағыштар және өзге де көрнекі ақпарат мәтіндерін мемлекеттік тілге аудару бойынша өтінім жолдай алады.
#қарағандытілдердідамытубасқармасы #көрнекіақпарат
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1193236?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау