Қарағанды облысында төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудитінің қорытындысы бойынша Баспасөз хабарламасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысында төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудитінің қорытындысы бойынша

Баспасөз хабарламасы

 

2026 жылғы 2 сәуірде Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста Қарағанды облысында төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудитінің қорытындысы шығарылды.

Аудитпен Қазақстан Республикасының бюджет, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасын жалпы сомасы 34 758,3 мың теңгеге бұзушылықтар анықталғанын атап өтеді, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 21 340,7 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 13 417,6 мың теңге және 2 рәсімдік бұзушылықтар.

Бұзушылықтардың жалпы сомасынан 21 340,7 мың теңге бюджетке түсуге жатады, олар мемлекеттік аудит барысында түсті.

Рәсімдік бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар материалдары лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін қарау үшін тиісті мемлекеттік органға жіберілді.

Аудит қорытындысы бойынша Қарағанды облыстық мәслихатына лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және өзге де актілерінің талаптарын бұзуы мен сақтамауының анықталған фактілері бойынша ұсыныс жіберілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/krgrevcom/press/news/details/1193089?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version