Қарағанды облысының Дін істері басқармасы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және теологтарға арналған «Ислам, ар-ождан бостандығы және зайырлылық: көпконфессиялы қоғамдағы келісімге жол» тақырыбында оқыту семинарын ұйымдастырды.
Семинар спикері ретінде теолог, дерадикализация саласының маманы, Астана қаласындағы Maqsut Narikbayev University Ислам құқығы орталығының басшысы Асқар Қалимжанұлы Сабдин сөз сөйледі.
Семинар барысында зайырлы қоғам жағдайындағы дін мен мемлекеттің өзара іс-қимылының негізгі мәселелері, ар-ождан бостандығы қағидаттары, сондай-ақ қоғамдық келісімді нығайтудағы дәстүрлі рухани құндылықтардың рөлі қарастырылды. Ерекше назар діни радикализмнің алдын алу мен дерадикализацияның тиімді әдістерінің практикалық аспектілеріне аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-din/press/news/details/1193107?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау