Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов Шымкент қаласы білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» КММ-не барды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026жыл 12 наурыз күні, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов Шымкент қаласы білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» КММ-не барды.

Бару барысында орталықтағы тәрбиеленуші балалардың тұрмыс-тіршілігімен жан-жақты танысып, олардың өмір сүру жағдайына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, балалардың тамақтану сапасы, жатын орындарының жай-күйі, медициналық қызметтің көрсетілуі, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы және жуынатын бөлмелердің жағдайы қарастырылды.

Сонымен қатар балалардың құқықтарының сақталуы, олардың қауіпсіз әрі жайлы ортада өмір сүруі, білім алып, жан-жақты дамуына қажетті жағдайлардың жасалуы негізгі назарда болды.

Мұндай кездесулер балалардың құқықтарын қорғау, олардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік қолдауды күшейту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруға мүмкіндік береді.

Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау – қоғамның ортақ міндеті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1193302?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version