Вице-министр атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Министрлік мемлекеттік қызметтерге жасанды интеллект технологияларын енгізеді. Бірінші кезеңде қызметтер электрондық форматқа, содан кейін мобильді қосымшаларға ауыстырылды, содан кейін белсенді көрсету және автоматты түрде төлем тағайындау енгізілді.
“Биыл біз барлық мемлекеттік қызметтерде жасанды интеллект технологияларын қолдану мақсатын қойып отырмыз. Бұл қызмет көрсетудің толығымен белсенді және зияткерлік моделіне көшуді қамтамасыз етеді. Жасанды интеллект технологияларын енгізу аясында мемлекеттік қызметтер кезең-кезеңмен іске асырылуда”, – деді Бақтияр Жазықпаев.
Спикердің мәліметінше, 2025 жылы жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, жұмыс іздеп жүрген адамдарды және жұмыссыздарды тіркеу, сондай-ақ мүгедектікті белгілеу қамтамасыз етілді. 2026 жылы зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындауды, кандас мәртебесін беруді және жұмыспен қамту шараларына бағыттауды қоса алғанда, жаңа қызметтерге АИ пайдалануды кеңейту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, вице-министр атап өткендей, AI қолданумен қалыптастырылған шешімдер ұсынымдық сипатқа ие және қабылданатын шешімдердің сапасы мен объективтілігін арттыру үшін ғана қолданылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akoy/press/news/details/1193077?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау