Семей қаласында табиғатты қорғау полициясы қоғамдық орынды ластаушының жолын кесті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласының полицейлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала аумағында абаттандыру қағидаларын бұзғандарды анықтау және табиғатқа зиян келтіретін әрекеттерді тоқтату мақсатында арнайы рейд өткізді. Аталған іс-шара барысында қоғамдық орындар, тұрғын үйлердің аулалары, сондай-ақ ұйымдарға тиесілі іргелес аумақтар жан-жақты тексерілді.

Тексеру кезінде санитарлық жағдайға, қатты тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару мәселесіне және іргелес аумақтарды күтіп-ұстау талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды. Аталған рейд барысында Семей қаласының 44 жастағы тұрғыны қаладағы тамақтану орындарының бірінің алдындағы алаңға құрылыс қоқыстарын тастау фактісі анықталды. Бұл әрекет қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылымдық объектілерін зақымдау, жасыл екпелерді жою мен бүлдіру деп бағаланды.

Табиғатты қорғау полициясы тұрғындарды қаланы таза ұстауға және жеке жауапкершілікті арттыруға шақырады. Қоғамдық тәртіп пен экологиялық мәдениетті сақтау әрбір азаматтың борышы болып табылады. Қала аумағын таза, санитарлық жағдайы қолайлы және көрікті ету – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір тұрғынның бірлескен іс-әрекетінің нәтижесі.

Рейд нәтижесінде қала тұрғынымен экологиялық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Еліміздің табиғатын сақтау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз, және әрбір шағын әрекет қаламыздың көркін арттыруға үлес қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1193241?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version