ШҚО-да су тасқыны бойынша әуеден визуалды барлау жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен «Өскемен – Шемонаиха ауданы – Риддер – Глубокое ауданы – Өскемен» бағыты бойынша су тасқыны жағдайына әуеден барлау жүргізді.

Әуеден барлау жүргізу үшін Қазақстан Республикасы ТЖМ «Қазавиақұтқару» РМК-ның МИ-8 тікұшағы қолданылды.

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегеновтің айтуынша, әуеден барлау барысында таулы аудандардағы қар қорының жиналуы бақылауға алынып, су тасқыны қаупі бар аумақтарда, соның ішінде Шемонаиха және Глубокое аудандарында қар қорының көлемі нақтыланып, су тасқыны жағдайының даму барысы алдын ала бағаланды.

Қосымша анықталғандай, Үбі және Үлбі өзендерінде мұз жамылғысының ашылу процесі байқалады. Өзендердің төменгі ағысында мұз толық еріп кеткен, ал жоғарғы бөліктерінде оның мұз бұзылуда. Мұз кептелістері мен сең жиналуы тіркелген жоқ.

Әуеден түсірілген фото және бейнематериалдардың қорытындысы бойынша мамандар қазір өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты екенін атап өтті.

Мұндай әуеден барлау жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. Фото және бейнематериалдарды салыстырмалы талдау гидрометеорологиялық үдерістердің динамикасын бақылауға және көктемде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Дереккөз: ШҚО ТЖД

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1192997?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version