Тараз қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласында жалпы білім беретін пәндерден 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қорытынды кезең басталды. Білім додасы қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті және Қазақстан тарихы пәндері бойынша өтуде.

Дарынды оқушыларды анықтауға және олардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған зияткерлік байқауға еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 270 оқушы қатысады. Атап айтқанда, қазақ тілі мен әдебиетінен 91 оқушы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетінен 86 қатысушы, Қазақстан тарихынан 93 оқушы бақ сынайтын болады.

Тапсырмалар оқушылардың әдеби талдау, тарихи деректерді саралау, тілдік мәдениет және ғылыми пайымдау қабілеттерін анықтауға бағытталған. Сонымен қатар, қатысушылар үшін мәдени бағдарлама, спорттық іс-шаралар және психологиялық тренингтер ұйымдастырылады.

Айта кетейік, биыл жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі еліміздің алты өңірінде өткізілуде. Олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты үш қалада ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Бұл бағыт бойынша 925 оқушы қатысып, 423-і жеңімпаз бен жүлдегер атанды. Қоғамдық-гуманитарлық бағытқа 720 оқушы қатысады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1193137?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version