ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ «ФУДМАСТЕР» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов ауданда орналасқан «ФудМастер» компаниясының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында әлеуметтік желілерде көтерілген сарқынды судың өзенге төгілуіне қатысты тұрғындардың шағымдары қаралды.
 
Аудан әкімі кәсіпорын басшылығына халықтың алаңдаушылығын жеткізіп, орын алған жағдай бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.
 
Компания өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта өндірістік сарқынды суларды толық тазартуға арналған заманауи қондырғылардың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жоба еуропалық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылып, қажетті құрал-жабдықтар жеткізілген, құрылыс жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Тазарту нысанын биылғы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр, ал оны толық іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанына көзделген. Сондай-ақ, арнайы мекемелер жүргізген зерттеулер нәтижесінде ағынды сулардың көрсеткіштері белгіленген шекті рұқсат етілген концентрацияларға (ШРК) сай келетіні анықталды.
 
Кездесу барысында кәсіпорын алдағы даму жоспарларын таныстырды. Атап айтқанда, өндіріс көлемін ұлғайту, өнімдерді экспортқа шығару, соның ішінде Өзбекстан нарығына жеткізу көзделіп отыр.
 
Бұдан бөлек, кәсіпорын мен жергілікті атқарушы орган арасында әлеуметтік жауапкершілік аясында ауылдық округті абаттандыру бойынша меморандум жасау мәселесі қаралды. Құжат шеңберінде балалар ойын алаңшасын салу көзделген. Балалар ойын алаңшасының құрылысы 2027 жылдың наурыз айына жоспарланып отыр.
 
Кездесу соңында аудан әкімі салынып жатқан тазарту нысанының құрылысымен танысып, жұмыстың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды. Сондай-ақ тұрғындармен ашық диалог орнатып, түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1193793?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version