Полицейлер үш тәулікте жол қозғалысы ережелерін бұзған 400-ге жуық жүргізушіні анықтады. Сайрам ауданы аумағында өтіп жатқан “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысы ережелерін сақтау бағытындағы бақылау күшейтілді. Полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру мақсатында кешенді жұмыстар жүргізуде.
Рейд барысында мас күйінде көлік басқару, жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығу, бағдаршамның тыйым салатын белгісін елемеу секілді өрескел құқық бұзушылықтарды анықтауға басымдық берілуде. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде үш күн ішінде 400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Мәселен Ақсукент ауылы Жібек жолы көшесі бойында Toyota автокөлік жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін тоқтатылды. Тексеру барысында көлік құралының жарық шамдары белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды. Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1193321?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау