Павлодар қалалық мәслихатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы өтті.
⠀Депутаттар жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелерін, оның ішінде Катаев көшесі бойындағы, «№1 арнайы кешен балабақша – мектеп-интернат» КММ ауданындағы реттелетін жаяу жүргіншілер өткелін орнатуды қарастырды.
⠀Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» жобасы аясында «Түлектер аллеясын» абаттандыру және қала инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды.
⠀Павлодар қаласында шамамен 610 аула іші аумағы бар. 2026 жылы аулаларда 50 балалар ойын алаңын орнату, сондай-ақ 22 балабақшада алаңдарды абаттандыру жоспарлануда.
⠀Ағымдағы жылы қалада:
- 10 шағын футбол алаңы
- 30 стритбол алаңы
- 30 воркаут алаңы
- 80 көшедегі күштік жаттығу құрылғысы
- 10 шахмат үстелі пайда болады.
⠀Қаламыздың тұрғындары ыңғайлы әрі қолжетімді қалалық ортаны дамыту бағытындағы жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl/press/news/details/1193169?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау