Ұлттық орталық музейде «Қазақстан графикасы» республикалық көрме-биенналесі ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде станоктық графика саласында еңбек ететін танымал шеберлер мен жас авторлардың «Қазақстан графикасы» республикалық көрме-биенналесі ашылды.

Экспозицияда еліміздің әр өңірінен келген суретшілердің 150-ге жуық туындысы ұсынылған. Көрме станоктық графиканың түрлі бағыттары мен техникасын қамтып, авторлардың өзіндік қолтаңбасын және графика өнерінің қазіргі даму үрдістерін көрсетеді.

Ерекше атап өтерлік жайт, тәуелсіздік жылдарында станоктық графикаға арналған мұндай ауқымды көрмелер санаулы рет қана өткізілген. Осы орайда биеннале отандық графиканың қазіргі жай-күйін зерделеп, оның дамуындағы жаңа бағыттарды айқындайтын маңызды кәсіби алаңға айналып отыр.

Жобаға Қазақстанның сегіз өңірінен 66 суретші қатысуда. Экспозицияға ҚРСуретшілер одағының мүшелері, танымал өнер қайраткерлері, ҚР Өнер академиясының мүшелері, «Алмалы палитра» шығармашылық бірлестігінің өкілдері, сондай-ақ станоктық графика жанрында жұмыс істейтін жас суретшілердің туындылары енгізілді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1193327?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version