Құрметті Үшарал ауылдық округінің тұрғындары!
«Таза Қазақстан» жалпы экологиялық акциясы аясында 2026 жылғы 04 сәуір күні ауылымызда сенбілік өткізіледі.
Баршаңызды туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне атсалысуға шақырамыз!
Әр тұрғын өз үйінің ауласын тазалап, аула маңындағы су жүретін арықтарды қазып, ретке келтіруді сұраймыз.
Алдағы уақытта ауыл көшелерінің арықтарына су жіберілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты арықтардың бітеліп қалмауын қамтамасыз етіп, су жүруіне кедергі келтірмей, алдын ала тазалау жұмыстарын жүргізулеріңізді сұраймыз.
Сонымен қатар, әр тұрғын ауласына іргелес аймақты да тазалауы қажет. Асфальт төселген көшелердің тұрғындарынан асфальт үстін сыпырып, қоқыстан тазалап ұстауды сұраймыз. Бар асфальтымызды күтіп, ұқыпты пайдаланайық!
Шарбақтарыңызды да ретке келтіріп, сырлап, жөндеу жұмыстарын жүргізулеріңізді сұраймыз.
Тазалық – әрқайсымыздан басталады!
Бірге таза, көрікті ауыл қалыптастырайық!
Ізгі ниетпен,
Үшарал ауылдық округі әкімдігі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov-usharal/press/news/details/1193198?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау