Жарлыөзек ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жарлыөзек ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Бозтоған ауылында орналасқан мектеп аумағында ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды 🌿
Аталған акция барысында ауыл аумағын көгалдандыру мақсатында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан әкімі, ауылдың ақсақалдары, ақ жаулықты әжелер, мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындары белсене қатысып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғауды мақсат еткен бұл бастама — елдің бірлігі мен ұйымшылдығын айқын көрсетті. Әрбір отырғызылған ағаш – болашаққа жасалған үлкен қамқорлықтың белгісі.
Шара барысында аудан әкімі сөз сөйлеп, мұндай экологиялық бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде ауыл ақсақалы ақ батасын беріп, игі істің берекелі болуын тіледі. Осыдан кейін ағаш отырғызу рәсімі жалғасып, қатысушылар белсенді түрде жұмысқа кірісті 🌱
Акция аясында жалпы 51 түп қарағай ағашы отырғызылды 🌳✨

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-zharlyozek/press/news/details/1193126?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version