«Жарқайың аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінде дөңгелек үстел өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Державин қаласында «Жарқайың аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінде дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «Құқықтық жалпыға бірдей оқыту айлығы» аясында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде аудандық мәслихат депутаттарына «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің 2025 жылға жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп ұсынылды. Баяндамашы ретінде бөлім басшысы Сергей Гарикович Макрдумян сөз сөйледі. Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ аудандық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Қатысушыларға алдын ала танысу үшін таратпа материалдар ұсынылды. Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, өзекті мәселелер талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1193130?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version