Жас таланттар әдебиет пен тіл бойынша жоғары деңгейдегі білімдерін көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы   2026 жылғы 30-31 наурыз аралығында Көкшетау қаласында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың, «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңдерін өткізді.

Зияткерлік сайыстарға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жоғары деңгейдегі білімдерін, шығармашылық қабілеттерін, шешендік өнерлерін, ұлттық әдебиет пен рухани мұраны терең түсінетіндерін көрсетті.

Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 16 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: І-дәрежелі дипломмен – 2 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 5 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 9 оқушы, грамотамен – 1 оқушы марапатталды.

«Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 18 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: І-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 8 оқушы, грамотамен – 4 оқушы марапатталды.

Құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1193446?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version