Елордада Геологтар күніне орай үздіктерді марапаттау рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геологиялық форумы аясында Геологтар күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында елдің геология саласын дамытуға және минералдық-шикізаттық әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосқан үздік мамандарға құрмет көрсетілді.

Үздік кәсіби мамандары “Еңбек сіңірген геолог” құрметті атақтарына ие болды, сондай-ақ өнеркәсіп және құрылыс министрінің құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды. Бұл марапаттар отандастарымызға геологиялық барлау, ғылыми-зерттеу қызметі және ресурстық базаны дамыту бойынша жоғары жетістіктері үшін табысталды.

Салтанатты рәсім Қазақстан экономикасы мен өнеркәсібінің тұрақты дамуы үшін аса маңызды саналатын геологтардың еңбегін мойындаудың жарқын көрінісі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1194007?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version