Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда отандасымыз тәжікстандық Шамшер Саидовқа қарсы шаршы алаңға шықты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Төрехан 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Төрехан Сабырхан кем дегенде қола жүлдені өзіне қамтамасыз етті.
Айта кетейік, бұған дейін 1/4 финалға Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) пен Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін) өткен еді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1193983?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау