«ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР ӨНЕГЕСІ – ҰРПАҚҚА РУХАНИ ЖОЛ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында «Ұлы тұлғалар өнегесі – ұрпаққа рухани жол» атты қалалық танымдық-шығармашылық байқау өтті.
Іс-шара Түркістан қалалық әкімдігі мен қалалық Ардагерлер кеңесінің бірлескен бастамасымен өткізіліп, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, рухани-адамгершілік қасиеттерді дәріптеу мақсатында жүзеге асырылды.
Байқау медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, көрнекті ғалым Сайлаубек Шалқарұлы Шалқаровтың 80 жылдық мерейтойына арналды. Іс-шара барысында ғалымның ғылым мен білім саласына қосқан елеулі үлесі, тәрбиелеген шәкірттері және халықаралық деңгейдегі еңбектері кеңінен насихатталды.
Шараның ашылу салтанаты мәдениет үйі ұжымы дайындаған «Рухани аманат» атты сахналық қойылыммен басталып, «Бабалар рухы» әнімен жалғасын тапты. Байқаудың ашылуында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, мерейтой иесіне қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетіліп, иығына шапан жабылды. Өз кезегінде Сайлаубек Шалқарұлы жиналған қауымға алғысын білдіріп, жастарға тағылымды ой-пікірлерін жеткізді.
Байқауға қаладағы колледждер мен жалпы білім беретін мектептердің командалары қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар екі кезең бойынша өнер көрсетті. «Рухани кемелдік жолы» кезеңінде ұлы ойшыл Абайдың қара сөздерін шығармашылық тұрғыда сахналады. Ал «Ұлттық парасат айнасы» кезеңінде қазақ халқының салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтарын дәріптейтін сахналық қойылымдар ұсынылды.
Қазылар алқасының құрамында білікті мамандар мен ғалымдар болды. Олар қатысушылардың өнерін әділ бағалап, үздіктерді анықтады.
Байқау қорытындысы бойынша:
• I орын – Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің «Дала шамшырағы» командасы;
• II орын – Ж.Жабаев атындағы №11 жалпы білім беретін мектептің «Асыл мұра» және Абай атындағы №31 мектептің «Абай жастары» командалары;
• III орын – Түркістан көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің «Ғасыр мұрасы», Әл-Фараби атындағы №10 мектептің «Фараби көшбасшылары» және Түркістан жоғары медицина колледжінің «Парасат» командалары иеленді.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1193914?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version