Дат корольдік балет дәстүрінің сарапшылары Хореография академиясында шеберлік сабақтарын өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақ ұлттық хореография академиясында дат балет мектебінің негізгі бағыттарының бірі – Бурнонвиль стилі бойынша шеберлік сабақтары өтті. Сабақтарды Даниядан келген жетекші сарапшы Динна Бьерн мен Бурнонвиль мұрасы бойынша халықаралық маман Эрик Вьюдес жүргізіп, білім алушыларды еуропалық классикалық балеттің техникасы, көркемдік эстетикасы және орындаушылық мәдениетінің ерекшеліктерімен таныстырды.

Динна Бьерн – Август Бурнонвиль мұрасы саласындағы әлемдегі жетекші беделді мамандардың бірі және дат балет дәстүрінің көрнекті өкілі.

Эрик Вьюдес – француз балетмейстері әрі еуропалық классикалық мектептің танымал қорғаушысы, мэтр Ив Бриенің соңғы жеке шәкірттерінің бірі. Амстердамдағы The Bournonville Society ұйымының тең құрылтайшысы әрі директоры, сондай-ақ European School of Ballet оқу орнына резидент-балетмейстер қызметін атқарады.

Шеберлік сабақтары барысында Академияның білім алушылары еуропалық классикалық балет тарихында ерекше орын алатын Бурнонвиль стилімен тереңірек танысу мүмкіндігіне ие болды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1194066?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version