Қамқоршылық кеңес отырысыы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақсуат ауданы бойынша білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңес отырыстары аясында 2025–2026 оқу жылының басталуына дайындық барысы қаралды.

Отырыс барысында білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жағдайы, оқу кабинеттерінің дайындығы, жөндеу жұмыстарының жүргізілуі, санитарлық талаптардың сақталуы және білім беру процесін ұйымдастыруға қажетті жағдайлардың қамтамасыз етілуі талқыланды. Сонымен қатар, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі, оның ішінде өрт қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларының орындалу деңгейі қаралды. Әлеуметтік осал топтағы оқушылардың мектепке толық қамтылуы, оқу құралдарымен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі де назардан тыс қалмады.

Қамқоршылық кеңес мүшелері төмендегідей нақты ұсыныстар мен пікірлер айтты:

  • оқу кабинеттерін кезең-кезеңімен заманауи құрал-жабдықтармен жаңарту;
  • оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйелерін жетілдіру және қауіпсіздік нұсқаулықтарын жүйелі түрде өткізу;
  • әлеуметтік осал топтағы оқушыларды толық қамтып, қажетті оқу құралдарымен уақытылы қамтамасыз ету;
  • ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын бірлесіп ұйымдастыру;
  • мектеп аумақтарының санитарлық тазалығын тұрақты бақылауда ұстау.

Отырыс қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жалпы жақсы деп танылып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берілді. Алдағы уақытта да Қамқоршылық кеңес комиссиясы білім беру ұйымдарының қызметіне қоғамдық бақылауды жалғастыра береді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1194073?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version