Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – қаланың көркі мен тазалығын сақтау, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.
Сенбілікке жастар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің жұмысшылары, жалпы саны 600-ге жуық адам жұмыла қатысуда.
Шара барысында “Қарасу-2” каналының бойында тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоқыстар қажетті орынға шығарылып жатыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1194083?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау