2026 жылғы 2 сәуірде Алматы қаласы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің №1 МӘС бөлімі «Ерзи» мүгедектер қауымдастығы ҚБ өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі тақырыбы — мүгедектігі бар адамдарды арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету сапасын арттыру.
💬 Кездесу барысында қауымдастық өкілдері белсенді типтегі (әмбебап) кресло-арбаларға қолжетімділікті кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Мұндай құралдар:
✔ үйде және көшеде еркін қозғалуға
✔ ұзақ уақыт өздігінен серуендеуге
✔ белсенді өмір салтын ұстануға
✔ спортпен айналысуға мүмкіндік береді
Белсенді кресло-арбалардың ерекшеліктері:
🔹 жоғары маневрлілік
🔹 жеңіл конструкция
🔹 тасымалдауға ыңғайлылық
🔹 пайдаланушының дербестік деңгейін арттыру
⸻
📌 Нені білу маңызды?
Қолданыстағы қағидаларға сәйкес, мүгедектігі бар адамдар бөлмелік кресло-арба және келесі құралдардың біреуімен қамтамасыз етіледі:
🧑🦽 серуендік
🧑🦼 әмбебап
👨🦽 кресло-каталка
⏳ Ауыстыру мерзімдері:
• бөлмелік — кемінде 7 жылдан кейін
• серуендік — кемінде 4 жылдан кейін
• әмбебап — кемінде 5 жылдан кейін
• кресло-каталка — кемінде 5 жылдан кейін
⸻
🩺 Кресло-арбаның түрі медициналық көрсеткіштер мен ИПАР негізінде анықталады.
Рәсімдеу үшін:
1️⃣ Дәрігерге (невролог немесе ЖПД) жүгіну
2️⃣ №031/у нысаны бойынша жолдама алу
3️⃣ Проактивті куәландырудан өту
4️⃣ ИПАР алу
⸻
🤝 Қоғамдық бірлестіктермен диалог әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіруге және шынайы қолжетімді орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/1194881?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау