Түркістан қаласында тұрғындарды арзандатылған азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде жәрмеңкелер өтуде. Бүгінгі жәрмеңке Бірлік секторында ұйымдастырылды. Онда Сауран, Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарынан және Кентау қаласынан келген ауыл шаруашылығы өнімдері, сондай-ақ «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тұрақтандыру қоры арқылы 50 тоннаға жуық азық-түлік ұсынылды.
Жәрмеңкеде ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, көкөністер, жеміс-жидектер мен күнделікті тұтынуға қажетті өзге де азық-түлік тауарлары сатылымға шықты. Сауда сөрелеріне қойылған тауарлар тікелей өндірушілерден жеткізіліп, нарықтағы бағадан 30-50 пайызға дейін төмен бағамен сатылды.
Аталған жәрмеңке тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді. Дәстүрге айналған мұндай әлеуметтік жәрмеңкелер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, бұл шара жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынуға мүмкіндік берді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау