2026 жылғы 30 наурызда Қостанай облысы әкімінің орынбасары
А.Т. Әбеновтың төрағалығымен 2026 жылға «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» грантын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Конкурстық комиссияның құрамына Қостанай қаласы жоғары оқу орындарының, Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, Қостанай облысы білім басқармасының өкілдері, тәжірибелі педагогтер, психологтар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ғылым қайраткерлері кірді.
Биыл Грант мөлшері 800 ең төменгі жалақыны (85 000 теңге) – 68 000 000 теңгені құрайды.
Отырыста облыстың 6 мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдардың конкурстық материалдары қаралды: Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжі, Кәмшат Дөненбаева атандағы кәсіптік-техникалық колледжі, Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі, Рудный тау-кен технологиялық колледжі, Рудный технологиялар мен қызмет көрсету колледжі, Федоров ауыл шаруашылығы колледжі.
Колледждердің қызметін бағалау қорытындысы бойынша Рудный тау-кен технологиялық колледжі 2026 жылға үздік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйым болып анықталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1194296?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау