500-ден астам жол жүрісі қағидаларын бұзу тіркелді: ШҚО-да профилактикалық рейдтер жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

500-ден астам жол жүрісі қағидаларын бұзу тіркелді: ШҚО-да профилактикалық рейдтер жалғасуда

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысында профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жалғасуда. Әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзудың жолын кесуге бағытталған кешенді жұмыстар жүргізді.

Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша өткен тәулікте облыс жолдарында жол жүрісі қағидасының 500-ден астам бұзушылығы анықталды. Басым бөлігі қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану, маневр жасау қағидаларын бұзу, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің ережелерді сақтамауына байланысты болды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері масаң күйде көлік басқару, қарсы қозғалыс жолағына шығу, тыйым салынған бағдаршам белгісіне өту, жаяу жүргіншілерге жол бермеу және жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзу деректерін анықтады.

Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көлік құралдарын пайдаланудың жолын кесу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 50-ге жуық көлікті пайдалануға тыйым салынды, оның ішінде электр самокаттары, мопед және жеңіл автокөліктер бар.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Құқықбұзушылықтарға, оның ішінде жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында «мүлдем төзбеушілік» қағидаты іске асырылуда.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы жол-көлік оқиғаларының алдын алудың негізгі факторларының бірі болып табылатынын атап өтті. 

 

Пресс-служба ДП ВКО

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1194217?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version