Абай облысы Полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі тергеу органдарының құрылған күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараны ашу барысында тергеу қызметінің құқық қорғау жүйесінің негізгі буындарының бірі екені атап өтілді. Ол қылмыстық құқық бұзушылықтарды жан-жақты, толық әрі объективті тергеуді қамтамасыз етеді.
Құттықтау сөз сөйлеген Абай облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Эльдар Данияров тергеу органдарының тарихы сонау 1963 жылғы 6 сәуірден бастау алатынын атап өтті. Ол ондаған жылдар бойы бұл қызметтің заманауи талаптар мен сын-қатерлерге бейімделе отырып, жүйелі түрде дамып келе жатқанын жеткізді.
Тергеу қызметінің дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерге ерекше алғыс сөздер айтылды. Оларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің ата-аналары да марапатталды.
Іс-шара мерекелік бағдарламамен және ұжымдық суретке түсумен аяқталды.
Абай облысы Полиция департаментінде тергеу қызметінің кәсіби әлеуетін нығайту және ұрпақтар сабақтастығы «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз етудің маңызды шарттары болып қала беретіні атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1194953?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау