Алматы қаласындағы Абай ұлттық мектебінде 2026–2027 оқу жылына 7-сыныпқа өтініштер мен құжаттарды қабылдау жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін еліміздің барлық өңірлерінен 700-ден астам өтініш тіркелді. Қабылдау https://qabyldau.daryn.kz/kz/ платформасы арқылы онлайн форматта жүргізілуде. Тіркеу 15 сәуірге дейін жалғасады.
Білім беру моделін жаңғырту аясында мектептегі оқу үдерісіне Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасының қағидаттары енгізілді. Оқу бағдарламасы оқушылардың академиялық әлеуетін ашуға, зерттеушілік дағдыларын дамытуға, сондай-ақ көптілділік пен шығармашылық ойлауды қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар үшін қосымша білім беру бағдарламалары мен үйірмелер қарастырылған. Іріктеуден сәтті өткен үміткерлер республикалық деңгейдегі мектепте білім алу мүмкіндігіне ие болады.
ХХ ғасырдың ортасында негізі қаланған оқу орны 2025 жылы жаңартылған инфрақұрылымға көшті. 900 орындық жаңа оқу корпусы мен оқушылар үйі пайдалануға берілді. Қазіргі таңда Абай ұлттық мектебінде еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 351 оқушы білім алуда.
Үміткерлерді ақпараттандыру мақсатында өңірлік түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Облыстарда ата-аналармен кездесулер өтіп, қабылдау талаптары, тестілеу кезеңдері және жатақхана жағдайлары туралы ақпарат берілуде. Қосымша ақпаратты WhatsApp арқылы +7 775 644 6893 нөмірі бойынша алуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1194976?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау