Абай жастарының таңдауы “Таза Қазақстан”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қалалық сенбілік өтті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған бұл экологиялық акция бүгінде қоғамның ортақ құндылығына айналды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді тазарту, жасыл желекті көбейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Осыған орай, Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлының үндеуін қолдай отырып, өңір жастары тазалық акциясына белсенді қатысты. Арнайы бекітілген аумақта өткен сенбілікке облыс әкімінің орынбасары Мейірлан Ақылбекұлы Раханов қатысып, жастармен бірге тазалық жұмыстарына атсалысты.

Іс-шараға 60-тан астам жас белсенді қатысты: Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма, «Абай жастары» жастар ресурстық орталығы, Семей медицина университеті, Шәкәрім университеті, Alikhan Bokeikhan University студенттері, «Жастар Рухы» және ЮНИСЕФ өңірлік штабының волонтерлері, «ERTIS REGION» ұйымының өкілдері.

Сенбілік барысында 70 қаптан астам қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды.

Тазалық жұмыстары мұнымен шектелмейді — алдағы уақытта «Таза жағалау», «Тарихи ескерткіштерді тазалау», «Мөлдір бұлақ» секілді акциялармен жалғасады.

Таза қала – өзімізден басталады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1194550?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version