Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д. Жұмагелдин Үржар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д. Жұмагелдин Үржар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды.

Сапар барысында мекемедегі тәрбиеленушілердің тұру және күтіп-бағу жағдайлары, үй-жайлардың санитарлық жай-күйі, қажетті тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етілу деңгейі, сондай-ақ ерекше әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға күтім жасау мен қолдау көрсету жұмыстары зерделенді. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға, тұру жағдайына, тамақтануына, медициналық көмекке және білім беру қызметтеріне қолжетімділігіне ерекше назар аударылды.

Уәкілдің өкілі орталықтың жұмысымен танысып, қызметкерлермен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, белгіленген стандарттарды сақтау және көрсетілетін көмектің сапасын арттыру мәселелері бойынша әңгіме жүргізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының негізгі қызмет бағыттары, сондай-ақ халықтың ең осал топтарының бірі ретінде балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, балаларға ізгілікпен қарау, олардың әл-ауқаты үшін мемлекет пен қоғамның жауапкершілігі, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру аясында бала құқықтарын сақтау маңыздылығы сөз болды.

Ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік бейімделуі, қоғамға кірігуі және жан-жақты дамуына жағдай жасау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/1194288?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version