Полковник Сұңғат Әділбековтің айтуынша, енгізілген өзгерістердің басты қағидаты – қылмыс орын алғаннан кейін ғана әрекет ету емес, қауіпті жағдайдың алдын алу және азаматтарды ерте кезеңде қорғау.
Қылмыстық кодекске енгізілген маңызды жаңалықтардың бірі – сталкинг үшін жеке қылмыстық жауаптылықтың енгізілуі.
Сталкинг – адамның жеке өміріне қол сұғатын, оны тұрақты түрде мазалап, психологиялық қысым көрсететін әрекеттердің жиынтығы. Мұндай әрекеттерге біреуді қайта-қайта қоңырау шалу, әлеуметтік желілер арқылы аңду, жалған аккаунттардан хабарлама жіберу, адамның артынан жүру немесе оның үйі мен жұмыс орнының маңында бақылау жасау сияқты жағдайлар жатады.
Егер мұндай әрекеттер нәтижесінде адам өз қауіпсіздігіне алаңдап, қорқыныш сезінсе, бұл енді заң алдында жауапкершілікке әкелетін құқық бұзушылық болып саналады.
Бұл норма, ең алдымен, азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмауын қамтамасыз етуге және психологиялық қысымның алдын алуға бағытталған.
Соңғы жылдары интернет алаяқтықтың түрлері көбейіп, қылмыскерлер түрлі айла-шарғылар арқылы азаматтардың сенімін пайдаланып келеді. Солардың бірі – дропперлік деп аталатын схема.
Алаяқтар көбіне өздерінің заңсыз қаржылық операцияларын басқа адамдардың банктік шоттары арқылы жүргізуге тырысады. Көп жағдайда олар әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы «картаңды жалға бер», «ақша аударуға көмектес», «тек есепшотыңды пайдалану керек» деген ұсыныстар айтып, азаматтарды алдап көндіреді.
Бұл өзгеріс интернет алаяқтықтың алдын алуға және қаржылық қылмыстардың жолын кесуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1194956?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау