Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов өз қызметі аясында Жезқазған қаласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын орталығына арнайы барып, «Әр адамның денсаулығы – оның заңды құқығы» тақырыбында құқықтық қабылдау өткізді.
Іс-шара барысында азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын қорғау, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері жан-жақты талқыланып, келушілердің сұрақтарына нақты түсіндірмелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1194357?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау