Париж, 2026 жылғы 3 сәуір – Париж қаласында Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде Airbus компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында авиация саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар іске асып жатқан жобалар, техникалық сүйемелдеу және бірқатар перспективалы бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша мазмұнды диалогты жалғастыруға өзара мүдделі екенін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-paris/press/news/details/1194556?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау