Алаяқтар өздерін ұлттық байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын жымқыруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Астана қаласының «Сарайшық» ауданында аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық фактісі тіркелді.

    Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың наурызында белгісіз тұлға өзін ұлттық байланыс операторы компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушіге қоңырау шалып, қосымша телеарналарды қосуға 30% жеңілдік бар екенін хабарлаған.

    Телефон арқылы сөйлесу барысында алаяқ жәбірленушіні түрлі әрекеттерді орындауға көндіріп, оның ұялы телефонына қол жеткізген.

    Нәтижесінде жәбірленушінің ұялы телефоны уақытша бұғатталып, оның депозиттік шотынан 20 млн теңге көлеміндегі ақша қаражаты заңсыз иемденілген.

    Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

    Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға, бейтаныс адамдардың телефон арқылы берген нұсқауларын орындамауға, сондай-ақ құпия кодтарды, банк карталарының деректерін және жеке мәліметтерді үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады.

Астана қаласының прокуратурасы

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1194588?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version