Ақтөбе облысында заңсыз активтер есебінен жаңа нысандар бой көтеруде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы зор инфрақұрылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Соның ішінде заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару арқылы өңірде жаңа нысандар салу қарқын алып отыр.

Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, 2025 жылы қайтарылған заңсыз активтер есебінен “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” бағдарламасы аясында 11 медициналық-санитариялық нысан мен арнайы балалар балабақшасын салуға 8 млрд 942 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Нәтижесінде, аталған 11 медициналық нысанның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Ал ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы балабақшаның құрылысы жалғасуда. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған.

Өңірде биылғы жылға арналған жоспарлар да ауқымды – “Орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту” бағдарламасы шеңберінде үш ірі жобаны жүзеге асыруға 4 млрд 776 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Атап айтсақ, Хромтау аудандық ауруханасы базасында тері арқылы коронарлық араласу орталығын ашу, Шалқар аудандық ауруханасының стационарына екі қабатты қосымша құрылыс салу және Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында аудандық аурухана жанынан тағы бір тері арқылы коронарлық араласу орталығын ашу үшін қосымша ғимарат салу көзделген.

Жалпы, заңсыз активтерді қайтару есебінен жүзеге асырылып жатқан бұл жобалар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғыртуға тың серпін беруде. Әсіресе, денсаулық сақтау саласындағы жаңа нысандардың бой көтеруі халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya/press/news/details/1194770?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version