Әлемдегі ең көне әрі беделді театрлардың бірі саналатын өнер ұжымы Astana Ballet сахнасында елордалық көрерменге классика мен заманауи хореографияны тоғыстырған 10 нөмірден тұратын бағдарлама ұсынды.
Бағдарламада Бурнонвиль мектебінің үлгісіндегі билерге ерекше мән берілді. «Жокейлер биі» мен «Брюггедегі кермесса» қойылымдары арқылы дат балетіне тән шапшаңдық, дәлдік пен сахнадағы жинақылық көркем түрде жеткізілді. Дәл осы нөмірлер кештің шырайын келтіріп, көрерменге дат балетінің өзіндік өрнегін айқын танытты.
Еуропадағы заманауи фламенконың танымал өкілі Селена Муньостың өнер көрсетуі кештің ажарын аша түсті. Оның сахнадағы биі бағдарламаға ерекше өң беріп, гала-концерт мазмұнын байытты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1194691?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау