Францияның Тье қаласында көркем гимнастикадан Гран-при кезеңі өтті. Халықаралық додада Қазақстан құрамасының спортшылары ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды.
Жекелей бағдарламада елордалық спортшы Ақмарал Ерекешева көпсайыс қорытындысы бойынша 106,900 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, топтық бағдарламада №1 Ұлттық құрама командасы 46,250 ұпаймен көпсайыста қола жүлдегер атанды.
Команда құрамында Жасмин Жүнісбаева, Аида Хәкімжанова, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Кеңес және Айзере Нұрмағамбетова өнер көрсетті.
Финалдық жаттығуларда Ақмарал Ерекешева өзінің жоғары шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, екі күміс және бір қола медальға қол жеткізді:
• құрсау жаттығуы — 29,150 ұпай (күміс),
• таспа жаттығуы — 27,400 ұпай (күміс),
• ұршық жаттығуы — 27,300 ұпай (қола).
Спортшыларды Астана қаласы әкімдігінің №1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің бапкерлер құрамы дайындады. Аға жаттықтырушы — Балгинбаева Меруерт Төлегенқызы. Хореографтар — Айдыс Саая Алексеевна және Оспанбаев Чингис Әсетұлы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1194936?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау