Аудан әкімінің орынбасары Асхат Бакеев аудан кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
3 сәуір күннің екінші жартысында аудан әкімінің орынбасары Асхат Бакеев аудан кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Айыртау ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімі» КММ басшысы Аманбек Махметов биылғы жылы ауданда жүзеге асырылып жатқан ірі және орта инвестициялық жобалар туралы (суретте көрсетілген) жан-жақты ақпарат беріп, «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасының кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін түсіндірді.
Кездесу барысында кәсіпкерлер бірқатар өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Атап айтқанда, қолданыстағы карьерлерден табиғи қиыршық тасты пайдалану қажеттілігі (аудан аумағының басым бөлігінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатуына байланысты бұл мәселе әлі күнге дейін оң шешімін таппай отыр), шетел азаматтарына жұмысқа рұқсат рәсімдеу және басқа да мәселелер көтерілді. Әрбір сұрақ бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Сондай-ақ кәсіпкерлер алдында Айыртау аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Азамат Ташев сөз сөйлеп, бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, егіс науқаны кезеңінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде, шаруа және фермер қожалықтарында тұқым, жанар-жағармай және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды тиісті деңгейде сақтау, интернет-алаяқтықтың алдын алу және бұл бағытта қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мал жаюды дұрыс ұйымдастыру, мал ұрлығының алдын алу, қараусыз малдың автожолдарға шығуына жол бермеу мәселелері айтылды.
Сонымен қатар шетел азаматтарын жұмысқа қабылдау кезінде бұл туралы учаскелік полиция инспекторына хабарлау қажеттігі және «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң талаптарын сақтау міндеті түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1194326?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version