Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 57-ші сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 6 сәуірі күні Меркі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс 57-ші сессиясы өтті. Сессия отырысын аудандық мәслихат төрағасы М.Көкрекбаев жүргізіп отырды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары М.Өмірбек, аудан әкімдігінің тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде 10 мәселе қаралды. Негізгі мәселе ретінде «2026-2028 жылдарға арналған Меркі ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №53-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндалды. Сонымен қатар, аудан әкімдігі жанындағы комиссиялар мен консультативті-кеңесші органдар құрамына өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды.

 Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-merke/press/news/details/1194781?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version