“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес Бәйтерек ауданы мәслихаты Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының және Бәйтерек ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы хабарлайды.
Саяси партиялардан немесе өзге де қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссиясынан құрылатын сайлау комиссияларына қатысты ұсыныстарды аудандық мәслихат 2026 жылғы 7 сәуірден бастап 2026 жылғы 23 сәуірге дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, жұмыс уақытында мына мекенжай бойынша қабылдайды: Переметный ауылы, Гагарин көшесі, 139, №4 кабинет.
Құжаттарды тіркеу және қабылдауға жауапты аудандық мәслихат аппаратының басшысы Т.К.Тулепкалиев, байланыс телефоны 87113022633.
Округтік сайлау комиссияларының құрамында мынадай бос орындар бар:
– Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №3 округтік сайлау комиссиясы – 1 бос орын.
Орналасқан жері: Белес ауылы.
– Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №4 аудандық сайлау комиссиясы – 1 бос орын.
Орналасқан жері: Үлкен Шаған ауылы.
– Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №7 аудандық сайлау комиссиясы – 1 бос орын.
Орналасқан жері: Дариян ауылы.
– Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №10 аудандық сайлау комиссиясы – 2 бос орын.
Орналасқан жері: Достық ауылы.
– Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №13 аудандық сайлау комиссиясы – 2 бос орын.
Орналасқан жері: Макаров ауылы.
Учаскелік сайлау комиссияларының құрамында мынадай бос орындар бар:
– №162 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында – 1 бос орын.
Орналасқан жері: Зеленое ауылы.
– №173 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында -1 бос орын.
Орналасқан жері: Өркен ауылы.
– №174 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында -1 бос орын.
Орналасқан жері: Көшім ауылы.
– №175 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында – 1 бос орын.
Орналасқан жері: Үлкен Шаған ауылы.
– №181 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында – 1 бос орын.
Орналасқан жері: Озерное ауылы.
– №186 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында – 1 бос орын.
Орналасқан жері: Чинарев ауылы.
– №193 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында – 1 бос орын.
Орналасқан жері: Құрманғазы ауылы.
– №194 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында – 1 бос орын.
Орналасқан жері: Аманат ауылы.
– №196 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында – 2 бос орын.
Орналасқан жері: Байқоныс ауылы.
– №197 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында – 1 бос орын.
Орналасқан жері: Жайық ауылы.
– №204 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында – 2 бос орын.
Орналасқан жері: Мирный ауылы.
– №206 учаскелік сайлау комиссиясының құрамында – 1 бос орын.
Орналасқан жері: Мичуринауылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 7 сәуірден бастап 2026 жылғы 23 сәуірге дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Мәслихат төрағасы Н. Хайруллин
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-bayterek/press/news/details/1194729?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау