Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы М. Тәуіпбаева азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар кәсіпкерлік саласын дамыту, мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдалану, өндірістік жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ кәсіпкерлікке қатысты өзге де мәселелер бойынша өтініш-тілектерін білдірді.
Өз кезегінде басқарма басшысы көтерілген сұрақтарға түсіндірме беріп, кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде ақпарат ұсынды.
Сонымен қатар тиісті мекемелермен бірлесіп, көтерілген мәселелерді заңнама аясында қарастыру және оларды шешудің тиімді жолдарын айқындау бағытында жұмыстар жүргізілетіні атап өтілді.
Қабылдау қорытындысы бойынша барлық өтініштер бақылауға алынып, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kasipkerlik/press/news/details/1194264?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау