Өңір басшысы Асаин Байханов ТЖД бастығы Рустамбек Амринмен бірлесіп Баянауыл ауданы аймағына ұшу арқылы бақылау өткізді. Ұшу барысында олар Қарағанды облысындағы Ақжар және Қаратоқ су қоймаларынан су ағызумен танысып, лимандардың жай-күйін бағалады.
2024-2025 жылдары ауданда оларды қалпына келтіру бойынша ауқымды жоба іске асырылды. Лимандар реттеуші көлемді 23 млн м3 дейін қамтамасыз етеді, бұл 17 елді мекенді су басу қаупін азайтады.
Жүйе су тасқынынан қорғап қана қоймай, 3 мың гектардан астам суармалы жерлерді қалпына келтіруге, еріген суды тиімді пайдалануға және дала өрттерін сөндіру үшін су көздерін құруға мүмкіндік береді.
Ұшу барысында Қ.Сәтбаев пен Мәшһүр Жүсіп ауылдарындағы лимандар, Теңдік ауданындағы көпір тексерілді.
Сәтбаев ауылдық округіне ерекше назар аударылды, онда лиманды суару жүйесі 18 торкөзі, 36 су өткізгіш құрылыстары және 21 бөгеті бар 1,3 мың гектарды қамтиды. Оны қалпына келтіру үшін 52 шұңқыр толтырылды, жалпы ұзындығы 51,8 км бөгеттер қалпына келтірілді, 23 бетон құрылымы орнатылды.
Жаңажол ауылдық округінде (2,4 мың га) біліктер қалпына келтіріліп, автоматты төгінділер енгізілді. Келесі кезең- Жаңатілек және Ұзынбұлақ округтерінде тағы 3,1 мың га жүйелерді жаңғырту жүргізіледі.
Жоба Айдос, Бала-Шідерті және Ащысу өзендерінің суларын тиімді пайдалануға және жыл сайын 11 мың тоннаға дейін шөп жинауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1194931?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау