Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Сәуір 6, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Биыл «Жасыл ел» еңбек жасағына шамамен 3 200 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр

Жарияланды:

06/04/2026 15:21

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

«Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру мәселесі облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиевтің айтуынша, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жасыл ел» бағдарламасы өңірде қарқынды дамып, жастарды жыл өте келе көбірек қамтып келеді.

Биыл еңбек жасақтарына шамамен 3 200 адамды тарту жоспарлануда. Оның ішінде 2 000 жас – көгалдандыру жұмыстарына, ал 1 200-і абаттандыру және құрылысқа араласады.

«Қазіргі таңда жасақтарда 170 адам жұмыс істеп жатыр. Ақтөбеде 30 жас орман шаруашылығында еңбек етуде, 100-ден астамы құрылыс алаңдары және абаттандыру жасақтарында, тағы 40 адам облыс аудандарында жұмыс істеуде. Жалақы мөлшері бағытқа байланысты 155 мыңнан 190 мың теңгеге дейін, бұл – ел бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Бағдарламаға 16 мен 35 жас аралығындағы жастар, соның ішінде студенттер, оқушылар және жұмыссыз жастар тартылады», – деді Әлімбек Туралиев.

Мәселені талқылау барысында облыс әкімі мердігер ұйымдарының қатысуымен еңбек жасақтарының мүшелерін қаланы санитарлық тазалау жұмыстарына тартуды тапсырды.

«Жаз мезгілінде студенттерді жұмыспен қамту – жастар үшін алғашқы еңбек тәжірибесі, табыс табу және қажетті дағдыларды дамытуға жақсы мүмкіндік. Осыған байланысты «Жасыл ел» бағдарламасын жалғастыру қажет. Сонымен қатар жастардың құқықтарының сақталуына назар аударып, олардың бұзылуына жол бермеу керек. Бұдан бөлек, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдіктері санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыруға белсендірек қатысып, жастардың еңбек жасақтарымен тығыз байланыс орнатуы тиіс», – деп атап өтті облыс әкімі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shetyrkyz/press/news/details/1194634?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 65 мың гектар жерді суаратын 103 каналды автоматтандыру жұмысы бастады
Next: «Өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бөлу бойынша 2026 жылдың 1 тоқсанындағы жұмыс нәтижелерін талдау»→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version