«Қазіргі таңда жасақтарда 170 адам жұмыс істеп жатыр. Ақтөбеде 30 жас орман шаруашылығында еңбек етуде, 100-ден астамы құрылыс алаңдары және абаттандыру жасақтарында, тағы 40 адам облыс аудандарында жұмыс істеуде. Жалақы мөлшері бағытқа байланысты 155 мыңнан 190 мың теңгеге дейін, бұл – ел бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Бағдарламаға 16 мен 35 жас аралығындағы жастар, соның ішінде студенттер, оқушылар және жұмыссыз жастар тартылады»,
«Жаз мезгілінде студенттерді жұмыспен қамту – жастар үшін алғашқы еңбек тәжірибесі, табыс табу және қажетті дағдыларды дамытуға жақсы мүмкіндік. Осыған байланысты «Жасыл ел» бағдарламасын жалғастыру қажет. Сонымен қатар жастардың құқықтарының сақталуына назар аударып, олардың бұзылуына жол бермеу керек. Бұдан бөлек, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдіктері санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыруға белсендірек қатысып, жастардың еңбек жасақтарымен тығыз байланыс орнатуы тиіс»,
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-din/press/news/details/1194564?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау