БҚО Полиция департаментінің бастығы 2025 жылда атқарылған жұмыс туралы халық алдында есеп берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев тұрғындармен 2025 жылғы ішкі істер органдарының қызметі бойынша кездесуде есеп берді.

2025 жыл ІІМ-де «профилактика жылы» деп жарияланғанын ескере отырып, департамент құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық тәртібін нығайту бағытында кешенді іс-шаралар өткізді. Негізгі көрсеткіштер бойынша облыс республикалық деңгейде алдыңғы қатарда.

Соңғы бес жылда қылмыс деңгейі 40,5%-ға төмендеді, ауыр және аса ауыр қылмыстар, ұрлықтар, тонаулар мен шабуылдар саны азайды. Назар аударуды талап ететін мәселелер интернет-алаяқтық, мал ұрлығы және жол-көлік оқиғалар. Киберқылмыспен күрес бөлімі құрылды, бейнебақылау жүйесі кеңейтілді, «Police-102» қосымшасы арқылы азаматтар құқық бұзушылықтарды жедел хабарлай алады.

2026 жылы департаменттің басты бағыты – балалар мен жасөспірімдерді қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу болады.

Кездесу барысында полицияның қоғамдық көмекшілері мен «Погонды журналист» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, департамент бастығы азаматтарды қабылдады.

БҚО полиция департаменті құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытындағы жұмысын жалғастыруда.

Негізгі қағида – халыққа қызмет ету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1194520?lang=kk

Exit mobile version